Жаңалықтар

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды
Фото: © Polisia.kz 11.10.2023 16:48 636

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның “102” арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізді. Әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.

Өз бетінше іздеуге кеткен уақыт пен баланың өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатердің барлығы ескерілді. Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды.

Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді. Шымкент полициясы тұрғындарды үйдегі кішкентайлар мен жасөспірімдерге аса мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ баланы қараусыз қалдырудың соңы әртүрлі қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін екенін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға