Жаңалықтар

Шымкентте ер адамды көшеде өлтіріп кеткен

Шымкентте ер адамды көшеде өлтіріп кеткен
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan 27.10.2023 11:47 822

Шымкенттегі көшелердің бірінде 54 жастағы ер адамды ұрып өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

КК telegram арнасының хабарлауынша, 26 қазан күні Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылындағы мейрамхананың жанында 54 жастағы ер адамға шабуыл жасалған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу ер адамды басынан аяусыз тепкілеген.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Қазір кісі өлтірген күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға