Жаңалықтар

Шымкентте екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 210 шаршы метр алаңда құрылысы бітпеген екі қабатты ғимараттың шатырының жанғанын анықтады.
Шымкентте екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты
08.10.2022 05:27 744
"101" кезекші пультіне 07 қазан күні сағат 18:06-да Әл-Фараби ауданы Рысқұлов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 210 шаршы метр алаңда құрылысы бітпеген екі қабатты ғимараттың шатырының жанғанын анықтады.

Қызыл жалын сағат 20:52-де түгелдей сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 55 қызметкері мен 17 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы мен қалалық коммуналдық қызметтерінің 9 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға