Жаңалықтар

Шымкентте дүкен мен қойма өртенді

Шымкентте дүкен мен қойма өртенді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.07.2023 22:14 653

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағ.15.24-те 150 ш.м. алаңда екі қабатты "Темірлан" тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 ш.м. алаңда жапсарла соғылған қойма жанды. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құраған.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 адамы мен 17 техникасы, АМО филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 16.45-те оқшауланып, сағат 17.38-де жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға