Жаңалықтар

Шымкентте Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектеп ашылды

Шымкентте Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектеп ашылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 12.01.2024 19:01 918

Шымкент қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектеп ашылды. Білім ұясы 3,5 мың орынға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Нұрсат» шағынауданында орналасқан жекеменшік жалпы орта білім беру мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта оқушылардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық мүмкіндік жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.

Оқи отырыңыз: 

Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Ерекше атап өтерлігі, білім ұясында құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға