Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі операция.
1968 жылы туған науқас соңғы 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен ауырған. Соңғы бірнеше жылда қан қысымы үнемі 250/140 мм сын.бағ. және одан да жоғары болып, бұл өмірге аса қауіпті жағдайға әкелген.
Мұндай жағдайда кез келген уақытта ми қан тамыры жарылып, инсульт алу қаупі өте жоғары болған.
2024 жылы науқастың құрсақ аортасына стент-графт имплантацияланған.
Ауруханаға ауыр халде түскен науқас толық тексеруден өткізілді. Тексеру нәтижесінде сол жақ бүйрекке баратын артерияның 99% тарылғаны анықталды.
Аортада стент-графт орнатылғандықтан, дәстүрлі шунттау операциясын жасау мүмкін болмады. Осыған байланысты науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды.
Шымкентте дәрігерлер науқастың бүйрегін алып, өзіне қайта салды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?