Жаңалықтар

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Фото: Шымкент әкімдігі 26.10.2023 03:22 433

Атаулы мерекеге орайластырылған «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен іс-шараға қала аумағындағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылды.

Жыл басынан бері мегаполисте 30-дан астам бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына тартылған.

Бүгінгі жәрмеңкеде 100-ге тарта тұрғынға жұмысқа жолдама берілді. Бос жұмыс орындарына жолдама алғандардың арасында пробация қызметі есебінде тұрған, мүгедектігі бар, сондай-ақ алимент төлейтін азаматтар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға