Жаңалықтар

Шымкентте бір миллион бауырсақ пен құрт таратылды

Шымкентте бір миллион бауырсақ пен құрт таратылды
Фото: otyrar.kz 01.03.2023 16:27 1227

Шымкентте алғыс айту күніне орай ұйымдастырушылар қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір миллион бауырсақ пісірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәмі тіл үйіретін бауырсақтарды әйелдер қауымы түнімен пісірген. Ал таңертең ұйымдастырушылар арнайы ат арбамен бауырсақ пен құртты қала бойынша таратып шыққан.

«Көп рахмет, өте керемет және қуантарлық жайт. Құрт өте дәмді, бауырсақтар да керемет. Баршаңызға рахмет», - дейді Шымкент тұрғындары.

Шымкенттіктер Алғыс айту және көктемнің алғашқы күнін осындай мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға