Жаңалықтар

Шымкентте бес жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны екі есеге өсті

Шымкентте бес жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны екі есеге өсті
Фото: © Pixabay.com 07.12.2023 15:38 2091

Шымкентте бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50 пайызға жетті. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғабит Сыздықбеков қалада кәсіпкерлік қолдау шараларына сұраныс өте жоғары екенін айтады.

Биылдың өзінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 20 миллиард теңге бөлінеді.16 миллиард теңгеге 3 351 жобаға қолдау көрсетілді. Қолдау шараларының нәтижесінде, соңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер 2 есеге өсіп, саны 131 мыңнан асты, - деп атап өтті әкім. 

Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бұл азаматтардың іскерлік мәдениетін көтеруге ынталандырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға