Жаңалықтар

Шымкентте автобуспен соқтығысқан скутер жүргізушісі қайтыс болды

Шымкентте автобуспен соқтығысқан скутер жүргізушісі қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 20.04.2024 07:15 620

19 сәуір күні Шымкентте скутер мінген ер адам автобуспен соқтығысып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Гагарин көшесінде болған.

Алдын ала болжам бойынша, скутер тізгіндеген 50 жас шамасындағы ер адам №126 бағытпен қатынайтын автобуспен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, ол басқаруға ие бола алмай қалған. Шұғыл түрде жедел жәрдем мен полиция шақыртылған. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті полицияда тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болған, олардың бәрі дін-аман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға