Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет жүрек ауыстыру отасы жасалды

Шымкентте алғаш рет жүрек ауыстыру отасы жасалды
Фото: © El.kz 06.07.2023 01:32 806

Шымкентте алғаш рет жүректі ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Шымкент жүрек орталығында» 61 жастағы тұрғынның жүрегі ауыстырылды. Ол көп жылдан бері «жүрек жетіспеушілігі» диагнозымен есепте тұрған. Ота кезінде кардиохирургтар пациентке 46 жастағы ер адамның жүрегін орнатып берді. Донорлық жүректі қайтыс болған ер кісінің туған-туыстары пайдалануға рұқсат берген.

Қала тарихында тұңғыш рет жасалған жүрек алмастыру отасы сәтті өтті, - дейді дәрігерлер.

Жүрек алмастыру отасы «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға