Жаңалықтар

Шымкентте әлемнің бірнеше елінің travel-блогерлері жиналды

Шымкентте әлемнің бірнеше елінің travel-блогерлері жиналды

Шымкентте қаланың туристік тартымдылығын арттыратын кезекті ақпараттық блог-тур ұйымдастырылды. Дәстүрлі іс- шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Үндістан мемлекеттерінен және еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық танымал travel-блогер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат аенттігі.

Үш күнге созылған тур барысында қатысушылар тарихи-мәдени нысандарды аралап, мегаполистің заманауи келбетімен және бай рухани мұрасымен танысты. Делегация мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы көне кесенелерді, «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешенін, Тәуелсіздік саябағы мен Ордабасы алаңын, Қошқар ата өзенінің жағасын және «Қылует» этнографиялық музейін аралады. Бұдан өзге шетелдік блогерлер Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда, Абай саябағында, Бейсбековтер отбасының «Алтын Орда» галереясында және Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде болды. «Бәйдібек би» монументі, дендрологиялық саябақ және Шымкент зообағы да тур бағдарламасына енгізілді.

Үшінші күні қатысушылар Қазығұрт тауының етегіндегі киелі «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» мекеніне барды. Тур табиғаты көркем «Alma-Tau» демалыс аймағында жалғасты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Шымкенттің халықаралық аренадағы туристік беделін нығайтатын маңызды саяхат туризмді дамытып, мәдени ынтымақтастықты арттыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға