Жаңалықтар

Шымкентте 49 жастағы ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Шымкентте 49 жастағы ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 12.05.2023 12:44 501

Шымкент қаласының 49 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Еңбекші ауданының аумағындағы қараусыз қалған ғимараттың ішінде жүрген ер адам полицейлердің күдігін тудырған.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшыларының жақындағанын байқаған ол ғимараттан шығуға асыққанымен, сол мезетте ұсталды. Ал тексеру барысында сөмкесінен есірткі салынған төрт полиэтилен пакет табылған.

Оның бірінде бір реттік дозасы бар ұнтақ салынған 49 қаптама табылды. Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты жерін анықтап, тінту жұмыстарын жүргізді. 49 жастағы азаматтың үйінен екі пластикалық контейнер мен ұнтақты есірткі заттары салынған бір пакет, сондай-ақ олардың салмағын өлшеуге арналған таразы табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Сараптама тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екенін растады.

Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді, - делінген.

Ер азамат қамауға алынды. Оның бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға