Жаңалықтар

Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды

Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды
Фото: Шымкент әкімдігі 23.06.2023 08:30 1496

Жазғы маусым басталғалы Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполистегі 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда.

Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді.

Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар Чернобыль субұрқағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға