Жаңалықтар

Шымкентте 35 мың адамға арналған стадион құрылысы биыл басталады

Шымкентте 35 мың адамға арналған стадион құрылысы биыл басталады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 29.01.2024 22:15 535

Шымкентте 35 мың орындық стадион салынады. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлерімен кездеуі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде футболды дамытудағы жосарлар айтылды.

Былтыр команда 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионатында үздік деп танылды. Дегенмен, клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен болатын.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша. күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биыл 4, 3 млрд теңге қаржы бөлінді. “Ордабасы” клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады.

Оқи отырыңыз: 

Қала әкімдігі өз тарапынан өзекті мәселелердің барлығын шешіп, міндеттемелерін толықтай орындады. Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалып, команданың нәтижелі ойын көрсетуіне тікелей клуб президенті Б.Абдубаитов жауапты.

Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл “Бозарық” елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Қажымұқан» стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі - негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз – деді Ғабит Сыздықбеков.

Кездесуде шаһар басшысы футбол клубын қолдау мәселесіне қатысты кәсіпкерлермен арнайы кездескенін, жиын қорытындысы бойынша «OTAU GROUP» құрылыс компаниясының командаға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөліп, бас демеуші болуға ниет білдіргенін жеткізді. Сонымен қатар жиын барысында жанкүйерлер тарапынан команда құрамын өзгертуге қатысты сұрақ қойылған болатын. Клуб президенті Б.Абдубаитов 2023 жылдың басында ойыншылармен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалғанын, оның бұзылмайтынын және 2025 жылға дейін команда құрамының өзгермейтінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға