Жаңалықтар

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалды

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалды
Фото: Видеодан кадр 31.08.2023 16:36 981

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ата-анасы электрлі еттартқышта жұмыс істеген кезде баласы қасында отырған. Содан ойнап жүрген бүлдіршін қолын еттартқышқа салып жіберген. Оқиға Сайрам тұрғын алабында болған.

Құтқарушылар баланың қолын еттарқыштан шығарып алу үшін дәрігерлермен бірге жұмыс істеді. Дәрігерлер баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

Сол сәтте төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, баланың қолын босатты. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shymkent qalasynyń ТJD (@shymkent_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға