Жаңалықтар

Шымкентте 27 көше еріген қар суынан тазартылды

Шымкентте 27 көше еріген қар суынан тазартылды
Фото: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі 13.03.2023 13:52 502

Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері мен қалалық коммуналдық қызметтері бірлесіп көшелерді еріген қар суынан тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Департаменттің қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, кеше қалада жаңбыр жауған. 

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау ауданындағы 27 көшеге жиналған еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Барлығы 5755 текше метр су сорылып, құм толтырылған 900 қап төселді. Оған департаменттің жеке құрамынан 150 қызметкер мен 60-тан астам техника жұмылдырылды. Бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде тұрғын үйлерді су басқан жоқ, - делінген қалалық Төтенше жағдайлар деартаменті таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға