Жаңалықтар

Шымкентте 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Шымкентте 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 06.08.2023 17:55 1069

Полицейлер жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеше мегаполистің Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен. Іздеуге алынған адамның ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Аида Долана Бұлақ колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ). Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында, - деп жазылған ІІМ-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға