Жаңалықтар

Шымкентте 18 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкентте 18 мектеп пайдалануға беріледі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 16.06.2023 01:27 530

Шымкентте былтыр 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл үш ауысымды мектептер санын азайтуға себеп болған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһар басшысы бұл мәселе биыл толық шешілетінін айтып сендірді.

Үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде, - деді әкім.

Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Оқушылар сарайы салынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес екі Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның біреуі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда, - деп қосты әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға