Жаңалықтар

Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты
Фото: © Polisia.kz 10.11.2023 15:03 445

Шымкентте кәмелетке толмаған жасөспірім жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - делінген хабарламада.

Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға