Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны мемлекетке 443 млн теңге шығын келтірген

Шымкент тұрғыны мемлекетке 443 млн теңге шығын келтірген
Фото: t.me/afm_rk 11.03.2024 09:53 363

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға