Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны көшенің ортасында жалаңаш шомылған

Шымкент тұрғыны көшенің ортасында жалаңаш шомылған
Фото: telegram.com/shymkent.online 27.07.2023 18:00 689

Шымкентте көшедегі өсімдіктерді суаруға арналған субұрқақта жалаңаш шомылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция әлеуметтік желідегі видеоны бақылау арқылы азаматты анықтаған.

Оқи отырыңыз:

Жалаңаш ер адам Шымкент қаласының Төле би көшесі бойындағы жолдың дәл қасында субұрқақта жалаңаш шомылған. Бұзақы 50 жастағы азамат болып шықты.

Қазіргі таңда оның үстінен ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға