Жаңалықтар

Шымкент тұрғындарына құжаттар үйіне дейін жеткізіліп беріледі

Шымкент тұрғындарына құжаттар үйіне дейін жеткізіліп беріледі
Фото: gov.kz 09.12.2023 21:04 635

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы шымкенттіктерге дайын құжаттарды қажетті мекенжайға жеткізу қызметін пайдалана алатынын еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған қызмет іске қосылғаннан бері 700-ге жуық қызмет алушы өз құжаттарын ХҚО-ға бармай қолдарына алды.
 
Қазіргі таңда 150 мемлекеттік қызмет бойынша дайын құжаттарды алдырту қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар.

Құжаттарды жеткізу қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі. Алдымен клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырады, құжат дайын болғаннан кейін сілтеме көрсетілген SMS-хабарлама жолданады. Азамат сілтемеге өтіп, өтінімді толтырады, ЖСН және жеткізу мекенжайын енгізіп, жеткізу төлемін жасайды, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Осы тұста, жүргізуші куәлігін, жеке куәлік пен төлқұжаттарды жеткізу қызметі көрсетілмейтінін ескертеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға