Жаңалықтар

Шымкент қаласындағы сауда үйінде орын алған оқиға әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр

Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді
Шымкент қаласындағы сауда үйінде орын алған оқиға  әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр
Фото: tengrinews 06.11.2022 15:00 4353

Шымкент қаласында 5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. 

«Осыған байланысты жергілікті тұрғындар жаппай жиналды. Соның салдарынан мекеменің ашылуы кезінде адамдар қысылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері дүкен иесінің кім екенін анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға