Жаңалықтар

Шымкент қаласы қашан облыс болып кеткен?

Шымкент қаласы қашан облыс болып кеткен?
Фото: facebook.com/musagali.taskaliev 02.02.2024 12:44 4284

1 ақпан күні Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аламанның айналасында шу шықты, спортшыларға емес, тақтайшадағы жазбаға қатысты.

Себебі Шымкенттен келген команданың тақтайшасында мегаполисті облысқа айналдырып, бірақ оның өзін қате жазған. Яғни команданың тақтайшасын ұстап тұрған бойжеткеннің қолынан «Шымкент обласы» деген жазуды көруге болады.

Кеше Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталып, ашылу салтанаты өтті. Біздің бір түсінбегеніміз - командалардың атауы жазылған тақтайшаға облысы деген жерге обласы деп жазылған және Шымкентті облыс қатарына қосқан екен. Бұл не деген сауатсыздық? – деп жазды журналист Мұсағали Тасқалиев.

Мұны ұйымдастырушылар да, команда өкілдері де неге қалай байқамағаны белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға