Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Шымкент қалалық сотының судьяларына жаңадан тағайындалған төраға Әділхан Шайхисламовты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қаланың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, судьялар мен адвокаттар қатысты.
Өз сөзінде А.Түкиев Әділхан Шайхисламұлының 20 жыл судьялық тәжірибесі барын, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін, жоғары біліктілігін, ерекше адалдығы мен қажырлы еңбегін атап өтті.
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламовтың өңірлік соттардың сот төрелігін сапалы жүзеге асыруын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша өзіне жүктелген жауапты міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.
Шымкент қалалық сотының төрағасы ауысты
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?