Жаңалықтар

Шымкент қалалық білім басқарма қызметкері парамен ұсталды

Бұл туралы Антикор мәлім етті
Шымкент қалалық білім басқарма қызметкері парамен ұсталды
Фото: sn.kz 06.02.2023 20:32 1397

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы анықталды.

«Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындаған. Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды» - деп жазды Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға