Жаңалықтар

Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 29.08.2023 12:51 843

Думан Таев Шымкент қаласының Полиция департаментін басқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды.

Соңғы лауазымы - Ақмола облысы ПД бастығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға