Жаңалықтар

Шымкент әуежайы 1 сәуірден бастап күндізгі уақытта жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы 1 сәуірден бастап күндізгі уақытта жұмыс істемейді
Фото: primeminister.kz 30.03.2024 14:10 382

Шымкент халықаралық әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Scat әуе комапинясының мәліметінше, рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады. Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізілуде.

Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға