Жаңалықтар

Шымкент әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды

Шымкент әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды
Фото: shymkent.gov.kz 26.07.2023 17:02 545

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына сілтеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

20 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстағаны хабарланған. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз:

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Исахов Мақсұт Пернебайұлына қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 20 шілдеден 20 қыркүйекке дейін кепіл мөлшерін айқындамай, бостандығын шектеуге санкция берді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға