Жаңалықтар

Шымкент әкімі тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырды

Шымкент әкімі тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырды
Фото: Шымкент әкімдігі 09.04.2024 15:18 301

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады.

«Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады.

Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.

Қала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тазалық акциясында тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға