Жаңалықтар

Шымкент әкімі коммуналдық сала қызметкерлерін сый-құрметке бөледі

Шымкент әкімі коммуналдық сала қызметкерлерін сый-құрметке бөледі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 07.03.2024 21:18 438

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан, Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы “Спутник” гүлзарына арнайы барып, коммуналдық сала қызметкерлерін халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 

Күнделікті жүргізілетін тазалық шараларының халықтың қолайлы тіршілігіне айрықша әсер ететіне тоқталып, еңбеккерлерге алғысын білдірді.

Сіздер күнделікті жұмыстарыңызбен қаламыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Демалыс, мереке күндеріне қарамастан, тазалықты қамтамасыз етіп, қаланың жасыл желекке орануында игілікті істер атқарып отырсыздар. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Ғ.Сыздықбеков.

Тұрғындар өз кезегінде қала әкіміне озық үлгіде бой көтерген жаңа демалыс аймағы үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, былтыр Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар саябақ салу мәселесін көтерген болатын. Өтініштер ескеріліп, жаңа гүлзар пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға