Жаңалықтар

Шығыста пойыз өрт сөндірді

Шығыста пойыз өрт сөндірді
Фото: ©El.kz 05.08.2023 23:31 795

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында таулы жерде шыққан өртті сөндіру үшін пойыз тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамызда Ұлан ауданы Смолянка ауылының шетіндегі таулы жерден өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпыды.

Қатты жел оттың жылдам таралу қаупін тудырды. Тілсіз жауды сөндіруге жедел түрде орманшылар, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД жеке құрамынан 71 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

«Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен жетуі қиын жерге өрт сөндіру десанты жеткізілді.

Сонымен қатар құрамында 10 адамы бар «КТЖ ҰК» өрт сөндіру пойызын жіберу туралы шешім қабылданды, - делінген ақпаратта.

Өртті ауыздықтауға таулы, жартасты жер қиындық келтірді. Бірлескен іс-қимылдың арқасында өрттің жақын маңдағы елдімекенге таралу қаупі сейілді.

Сағат 20.35 шамасында жалпы ауданы 9 гектарға жайылған от тежелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға