Жаңалықтар

Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр

Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 20.07.2023 18:29 716

Шығыс Қазақстанда Қатонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды. 

Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО  әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті, - делінген министрліктің мәліметінде.

Қазіргі таңда 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға