Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жылына 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады

Шығыс Қазақстанда жылына 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады
Фото: El.kz 09.03.2023 19:05 719

Шығыс Қазақстан облысында катодты мыс өндіретін ірі зауытты іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

"Шығыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 300 мың тонна катодты мыс балқыту зауытын салу жоспарлары талқыланды. Жобаны іске асыру Қазақстанға елеулі шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, сондай-ақ мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жаңа зауыт Қазақстан экспортын ұлғайтуға елеулі үлес қосады", - делінген ақпаратта.

Кеңеске қатысушылар салық салу, электрмен жабдықтау, инвесторлардың құқықтарын қорғау, шетелдік жұмыс күшін тарту, жалпы республика заңнамасының экологиялық талаптары мен нормаларын сақтау мәселелерін қозғады.

Премьер-Министр талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға осы перспективті жобаны табысты іске асыру мақсатында инвесторлармен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға