Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 24.04.2024 11:52 824

24 сәуір күні Шығыс Қазақстанда сағат 11:19-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9.

MPV магнитудасы - 4,4.

Тереңдігі - 5 шақырым

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Тасбастау ауылында 2 балл сезілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға