Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін

Бұған таулы аймақтардағы жел екпінінің күшеюі әсер етуі мүмкін
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін
Фото: altaitv.kz 10.12.2022 06:13 1236

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің таулы аймақтарында жел екпінінің күшеюіне байланысты қар көшкіні қаупі сейілмей тұр.  

ШҚО ТЖД тұрғындарға демалыс күндері таулы аймақтарға барудан бас тартып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керегін ескертеді.

9 -12 желтоқсан аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар. Сондықтан тұрғындарға таулы аймақтарға бармауды, жолға шыққан болса, қар көшкіні қаупі бар жерлерде ұзақ тоқтап тұрмауды ескертеміз, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға