Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда полицейлер есірткі зертханасын жойды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Шығыс Қазақстанда полицейлер есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz 16.01.2023 20:06 777

ШҚО полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өскеменде құқық қорғау органдары есірткі заттарын өткізу және жөнелту мақсатында заңсыз сақтау туралы қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Өскемен қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 келіден астам тыйым салынған заттарды тәркіледі. 6 қаңтарда қала үйлерінің бірінің ауласында тәртіп сақшылары есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтаған деген күдікпен 39 жастағы азаматты – мемлекетаралық іздестіруде жүрген қылмыскерді ұстаған.

Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен конволюциясын тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті өз пәтерінде 28 келіден астам кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға