Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда отыздан астам малды ұрлаған барымташы ұсталды

Шығыс Қазақстанда отыздан астам малды ұрлаған барымташы ұсталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 31.05.2023 08:18 471

Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарынан 30-дан астам мал ұрлап, Алматы облысына өткізген адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлығымен айналысқан ер адамды қолға түсірген.

Белгілі болғандай, ол 2023 жылы жергілікті шаруа қожалықтарына үш рет ұрлыққа түскен. Сөйтіп, 33 бас малды ұрлап кетті. Содан соң малды Алматы облысына өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары аталған өңірдегі базарлардың бірінен малды тауып, жәбірленушілерге қайтарды. Материалдық залал толығымен өтелді, - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Ол Ұлан ауданындағы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға