Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда екі адамнан бруцеллез ауруы анықталды

13.05.2025 15:44 701
Шығыс Қазақстанда екі адамнан бруцеллез ауруы анықталды

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында бруцеллёзге шалдыққан екі адам тіркелді,

Qazaqstan.tv арнасынының мәліметінше, қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылды, ал олармен байланыста болған 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды.

Бруцеллёз — малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Биыл облыста Марқакөлмен қатар Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған.

Былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан. Індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды.

Облысқа 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген.

Бұл шараларға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.с

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға