Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен шопандар табылды

Екі шопан мал іздеуге шыққанда жоғалып кеткені белгілі болды
Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен шопандар табылды
Фото: egemen.kz 27.11.2022 08:24 1216

Шығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен шопандар аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының басшысы құтқарушыларға хабарласып, Қаратал ауылының маңында мал іздеуге кеткен 2 шопанның жоғалғанын жеткізген. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын «КУНГ» автокөлігімен көмекке аттанған.

Құтқарушылар қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан 1963 және 1983 жылғы ер адамдарды іздестірді. Шопандардың бірі «Жадыра» шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды. Ал екіншісі көп ұзамай өз бетімен оралды. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады, - деп мәлімдеді ТЖД. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға