Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда барлық орман өрттері сөндірілді

Шығыс Қазақстанда барлық орман өрттері сөндірілді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 28.06.2023 18:18 763

Шығыс Қазақстан облысынадғы орман өрттерінің барлығы сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданында Приморск орманында және Глубокое ауданында Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының маңы) құрғақ шөптердің жануы сөндірілгенін мәлімдеді.

Ұлан ауданында 2023 жылдың 26 маусымынан бастап өртпен күресіп, жалпы ауданы 5 гектар, ал Өскемен қаласының шетіндегі өртпен кешегі түстен бастап арпалысып, 14,2 га алаңда сөндірілген. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтыра түсті. Бұл өртті бірден үлкен аумаққа таратты.

Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін, екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол берілмеген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға