Шығыс Қазақстанда аязға байланысты оқушылар қашықтан оқиды

 Media.publika.md
Фото: Media.publika.md

Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аяздың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқытылады. Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді. Риддерде – 26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқытылады.

Оқи отырыңыз