Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру таңғы сағаттан бері жалғасуда, деп хабарлайды El.kz.
Тұрғындар сайлау учаскелеріне отбасыларымен, көршілерімен және достарымен бірге келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс берушілер қатарында алғаш рет сайлауға қатысып отырған жастардан бастап, ақсақалдарға дейінгі әр буын өкілдері бар.
Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасқан. Дауыс беру барысының ашықтығы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын байқаушылар қадағалап отыр.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірдегі барлық 534 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымдастырылған. Сайлаушылар тізіміне 484 350 адам енгізілген.