Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: ©Pixabay.com 31.03.2024 22:41 265

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға