Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылатын болды
![Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылатын болды Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылатын болды](/storage/storage/element/2024/04/15/mainphoto/98524/1200xauto_WY77dAQaJeE1wynDk5J6wToKKJCy92awHcbTPYVr.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылмақ. Облыстағы Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы бірнеше кент ауылға айналып, кейбір ауылдар таратылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтайский және Верхнеберезовский кенттері ауыл санатына жатқызылады. Сметанино, Калинино ауылдары мен Аврора станциясы таратылып, өзге қоныстар санатына енгізіледі. Сметанино – Кожохова елдімекеніне, Калинино – Алтайский ауылына, Аврора станциясы – Предгорное ауылының құрамына қосылады, - дейді ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылханов.
Тарбағатай ауданы бойынша Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары таратылады.
Сараптама комиссиясы мен ғылыми сараптама қорытындысы жасалған. Енді жоба «Ашық НҚА» порталына шығарылады.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)