Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында бақтақ шаруашылығы дамып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бақтақ шаруашылығы дамып жатыр
Фото: gov.kz 14.12.2023 02:27 474

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Алтай ауданы  Ермаковка ауылында орналасқан «Grand Fish» ЖШС табысты бақтақ шаруашылығында болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Grand Fish» ЖШС аймақтағы ең ірі бақтақ кәсіпорындарының бірі болып табылады. 2017 жылы құрылған және тауарлық бақтақ өсіруге маманданған. Қуаты жылына 1200 тонна тауарлық балық өсіретін компания өніммен ішкі нарықты сәтті қамтамасыз етеді және Ресей Федерациясына  экспорттайды.

Министрмен бірге «Grand Fish» өндірістік базасын балық шаруашылығы комитетінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы, сондай-ақ облыстың ірі форель кәсіпорындарының бірі «Шығысуниверсал» ЖШС және де басқа мүдделі тараптар өкілдері бірге аралады.

Акваөсіру дамуымен байланысты проблемалық мәселелерге ерекше назар аударылды, сондай-ақ Министр балық заңнамасын жетілдірудегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті және саланы қолдау мақсатында 2024 жылға жоспарланған 9 субсидия туралы ақпарат берді.

Министр бұл мәселелердің басым бөлігі балық шаруашылығы комитетінің жіті назарында екенін және «Grand Fish» компаниясының халықты тауарлық балықпен қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Министрдің келуі өңірдегі балық шаруашылығын әрі қарай дамытуға маңызды қадам болды, ал «Grand Fish» өндірістік базасында өткен диалог барлық мүдделі тараптардың саланы тұрақты және келешекте қарқынды дамыту бағытында жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға