Жаңалықтар

«Шыдай алмадым» деді. Аида Балаева Әли Оқаповпен сөйлескенін айтты

«Шыдай алмадым» деді. Аида Балаева Әли Оқаповпен сөйлескенін айтты
Фото: instagram.com/aliokapov 08.11.2023 12:10 868

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың марапаты қайтарылмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 

Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасына өзінің видеосын жүктегеннен кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол шығармашылық адам болғандықтан, эмоционалды тұрғыда, барлығы жан-жақтан «талағаннан» кейін: «біріншіден, бұл менің еңбегім емес. Екіншіден, анаммен салыстырып жатқандықтан мен шыдай алмадым» деді. Сондықтан қазір ондай сұрақ жоқ, бәрі дұрыс деп отыр. Барлығы өзінде қалады, - деді Аида Балаева Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді. Көпшілік оның бұл орденге лайықты емес екенін айтып, хейт айтты. Одан кейін Әли Оқапов мемлекетік награданы қайтарып беретінін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға