Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда су қоймалардағы шаян аулайтын құрылғылар жойылды

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд жүргізді
Шығыс Қазақстанда су қоймалардағы шаян аулайтын құрылғылар жойылды
Фото: 24.kz 14.10.2022 17:04 1116

ШҚО су қоймаларына рейд жүргізу барысында 2000 метрден астам тор жойылды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4-7 қазан аралығында ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының “Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы” КММ инспекторларымен бірлесіп Алтай ауданы, Күршім және Самар аудандарының су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. 

Іс-шаралар барысында балық аулау қағидаларын бұзушылықтың екі фактісі және жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі, 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 2100 метр болатын 21 ҚХР өндірген моноталшықтан жасалған синтетикалық торлар тәркіленді, сондай-ақ шаяндарды аулауға арналған 7 құрылғы тәркіленді. Барлық тәркіленген торлар мен шаяндарды аулауға арналған құрылғылар өртеу арқылы жойылды. Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 931 рейдтік іс-шара өткізіліп, ҚР табиғатты қорғау заңнамасының 907 бұзушылығы анықталды. 15 мың метрден астам синтетикалық торлар мен шаян аулауға арналған құрылғылар тәркіленіп, жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға