Жаңалықтар

Швейцария президентінің қоштасу видеосы жұртты күлкіге қарық қалды

Швейцария президентінің қоштасу видеосы жұртты күлкіге қарық қалды
Фото: Видеодан алынған кадр 03.01.2024 14:15 1133

Швейцария президенті отставкаға қалай кету керектігін көрсетіп, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше роликті лауазымды қызметінен кеткен Швейцария президенті Ален Берсе өзінің Х-тегі парақшасында жариялады.

Ол үшін 2023 жылғы 31 желтоқсан президент ретінде соңғы жұмыс күні болды.

51 жастағы Ален Берсе Швейцария президенті лауазымын тек бір жыл – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін атқарды. Себебі Швейцарияда президент тек бір жылға сайланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға